Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 434 жетті
Өткен тәулікте елімізде 477 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 120,
Алматы қаласында - 165,
Шымкент қаласында – 44,
Ақмола облысында – 14,
Алматы облысында - 40,
Шығыс Қазақстан облысында - 1,
Жамбыл облысында - 17,
Батыс Қазақстан облысында - 4,
Қарағанды облысында - 34,
Қостанай облысында - 7,
Қызылорда облысында - 9,
Маңғыстау облысында - 5,
Павлодар облысында - 5,
Солтүстік Қазақстан облысында - 5,
Түркістан облысында - 7.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 434 жетті.