Шымкенттен елордаға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта қонды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұшақтың кері қайтуына техникалық ақау себеп болған

Фото ашық дереккөзден

Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан техникалық ақау шығып, әуежайға кері қайтуына тура келді. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «9 шілде күні Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ӘК А320-да КС 342 рейсінің биікке көтерілу кезінде техникалық себепке байланысты сол жақ қозғалтқыш ажыратылды. Экипаж тиісті рәсімдерді орындап, жағдайды бақылауға алды. Осылайша Шымкент әуежайына оралу жөнінде шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай ұшақтың қайта қонуы ескертусіз орындалды.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментімен бірлесіп тергеу жүретіні айтылған.

Аталған рейс жолаушылары FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне отырғызылады.