Теңіздегі қайғылы оқиғаға байланысты 4 мың адам демалысқа жіберілді

Автор: Azattyq Rýhy

Кеніште апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жасауда

Теңіз кенішіндегі жарылысқа байланысты 4 мың қызметкер демалысқа жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сынақ жүргізген мердігер ұйым жұмысын уақытша тоқтатты. Бүгінде 4 мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді.

«Болған оқиғадан кейін жұмыс ішінара тоқтатылды, жұмысшыларға осы күндерге жалақы төленетіні ескеріліп, үйлеріне жіберілді. Оқиғаның себебін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Мұндай жағдай бізде алғаш рет орын алып отыр», - деді «Senimdi Kurylys» ЖШС Өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері Гүлмира Бапанова.

Оқыс оқиға «Senimdi Kurylys» ЖШС қызметкерлері вахтасының аяқталуына екі күн қалғанда орын алды.

Естеріңізге саламыз, 6 шілде таңертең Теңіз кенішіндегі жарылыс болып, екі адам қаза тапты, тағы үш адам ауруханаға түскен болатын.

Тегтер: