Синоптиктердің болжамынша алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады
Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында бұршақ, дауыл соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында да найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облыстың облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскеменде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және орталығында тұман. Солтүстік-шығыс желі облыстың шығысында және оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с Қарағанды қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және шығысында тұман. Жел солтүстік-батыс бығыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с
Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облыстың оңтүстік жартысында найзағай, бұршақ, түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с.
9-11 шілдеде Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.