«Түркістан сілеусіні» фототұзаққа түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жыртқыш Орталық Азияда ғана кездеседі

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусіні Алматы қорығында орнатылған фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жыртқыш сүтқоректі Орталық Азияда ғана кездеседі. Қорық аумағында теңіз деңгейінен 1200 – 2800 метр биіктікте, аралас және қылқан жапырақты орманда мекен етеді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметіне қарағанда аталмыш территорияда шамамен 16 сілеусін бар.

Тегтер: