Пәкістанда 60-тан астам адам су тасқынынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Толассыз жаңбырдан елдегі 7 бөгетті су жырып кеткен

фото: aa.com

Пәкістанның Белуджистан, Пенджаб және Хайбер-Пахтунхва провинциялары мен Гилгит-Балтистан аймағында жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Белуджистан, Пенджаб пен Хайбер-Пахтунхва провинциясы тұрғындары табиғат апатынан айтарлықтай зардап шеккен.

5 шілдеден бері қаза тапқандар саны 49-ға дейін артты.

Билік өкілдері 5 адамды су ағызып әкеткенін, ал төрт бала құлаған қабырғаның астында қалғанын мәлімдеді.

Толассыз жаңбырдан 7 бөгетті су жырып кетіп, соның салдарынан бірқатар аудандарды су басқан.

Тегтер: