Сонымен қатар бірнеше ауылда электр желілері үзілген
Бүгін Зеренді ауданының Ақадыр ауылында екпіні 23 м/с-қа дейінгі қатты желдің салдарынан жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын 8 жеке тұрғын үйдің шатырлары ішінара бұзылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі Ақадыр, Ұялы, Еңбек-Бірлік ауылдарында электр беру желілері үзіліп, нәтижесінде 247 абонентті электрмен жабдықтау тоқтатылғанын хабарлады.
Оқиға орнында «Қуат энергопартнер» ЖШС бригадасы, 1 бірлік техника және 5 адам жұмыс істейді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Қазіргі уақытта елді мекендерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың арнайы комиссиясы үйлері желден зардап шеккен жеке тұрғын үйлердің иелеріне келтірілген залалды өтеу бойынша шешім қабылдайтын болады», – деп атап өтті ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.