Жиын 12 шілдеде Ақмола облысының Зеренді ауылында өтеді
"AMANAT" жастар қанатының VI Съезіне 350 делегат сайланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін еліміздің барлық өңірінде "AMANAT" жастар қанатының облыстық филиалдарының конференциялары өтті. Соның қорытындысы бойынша кезектен тыс VI Съезге 350 делегат сайланды.
Естеріңізге сала кетейік, партияның жастар қанатының кезектен тыс Съезі биыл 12 шілдеде Ақмола облысының Зеренді ауылында өтеді.