Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Инфекцияның таралуына «омикрон» штамының кіші түрлері – BA.4 және BA.5 себепші болып отыр

Фото: bbc.com

SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа толқыны Еуропаның көптеген елін шарпи бастады, инфекцияның таралуына «омикрон» штамының кіші түрлері – BA.4 және BA.5 себепші болып отыр. Бұл вирустар өте жұқпалы келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап

Бұл туралы бейсенбі күні өткен брифингте Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) денсаулыққа қауіп-қатер және вакцинация стратегиясы департаментінің басшысы Марко Кавалери мәлімдеді.

«Еуропа елдерінде КВИ-дің BA.4 және BA.5 нұсқалары көп таралуы мүмкін және шілденің соңына қарай барлық басқа нұсқаларды ығыстырып шығаруы мүмкін», - деді ол.

Сарапшының мәліметінше, қазіргі уақытта «омикрон» штамының бұл кіші түрлерінің аурудың қаупін арттыратыны туралы еш дәлел жоқ, дегенмен егде жастағы адамдар арасында вирусты жұқтыру жағдайларының саны артып келеді, ал бұл өз кезегінде, ауыр жағдайлардың өсуіне себеп болып отыр.