Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Елена Рыбакинаны теннистен ең беделді Уимблдон турниріндегі керемет жеңісімен құттықтаймын.Ол финалға жетті!» - деп жазды Мемлекет басшысы twitter-де.