Бибісара Асаубаева халықаралық турнирден үшінші орын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады

instagram.com/bibisarachess

Шахматтан әлем чемпионы, қазақстандық Бибісара Асаубаева Сербия елінде өтіп жатқан халықаралық турнирде үшінші орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бибісара Асаубаева Сербияның Нови-Саде қаласында өткен Serbian Chess Open-2022 турнирінде үшінші орын алды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Олимпиада алдында әбден дайындалдым. Жанкүйерлеріме алғыс айтамын!» - деп жазды 18 жастағы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 17 жасында әйелдер арасындағы ең жас чемпион атанып, Гиннесстің рекордтар кітабына енген.