Еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді
Синоптиктер 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстанның бүкіл аумағы әлі де оңтүстік циклонның атмосфералық фронталды бөліктері ықпал етіп тұорғандықтан, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жауын жауады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, батысында, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз кейде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 2-7 метр жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Шымкентте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт болады. Батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус жылы болады.