Мердігер компанияда жұмыс істейтін азамат 5 шілдеге қараған түні жұмыс орнында асылып қалған
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мердігер компанияда жұмыс істейтін 28 жастағы жұмысшы суицид жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түнгі ауысымға шыққан «Сенімді құрылыс» ЖШС жұмысшысы өз өзіне қол жұмсаған.
Облыстық полиция департаменті оның денесін бірге жұмыс істейтін әріптестері тауып алғанын хабарлады. Жұмысшының асылып қалуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Полиция департаменті аталған дерекке байланысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.