Оқыс оқиға кезде баланың анасы үйде болған
Нұр-Сұлтанда 3 жасар бала 13-қабаттың терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«5 шілде күні сағат 21:57-де көпқабатты тұрғын үйдің 13-қабатынан 3 жасар қыз дүкеннің күнқағарына құлады. Алған жарақаттан сәби оқиға орнында мерт болды. Оқыс оқиға кезде баланың анасы үйде болған», - деп көрсетті қалалық полиция департаменті.