Теңіз кен орнында жарылыс болып, 2 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр

Бүгін таңертең Атырау облысында Теңіз кен орнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза тапты, жарақат алғандар бар деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«6 шілде күні сағат 09:55 шамасында Жылыой ауданында орналасқан Теңіз қалашығында құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылы туған екі қызметкер қайтыс болды. Үш адам жарақаттанды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Атырау облыстық полиция департаментінен.

Жарылыс кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген кезде болған.  

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.