Жануар биыл 12 жасқа толды
Шымкентте «Астана» есімді керіктің туған күні аталып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Керік 2010 жылы 6 шілдеде Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген. 10 жыл бұрын Шымкентке әкелініп, оған "Астана" деген есім беріліпті.
Хайуанаттар бағының қызметкерлері туған күнде керікке сүйіп жейтін көкөністерден арнайы ас мәзірін дайындады.