"Қазгидромет" 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайтын болады – жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста және шығыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, дауыл, солтүстікте, оңтүстікте шаңды дауыл болады», - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Атап айтқанда, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз Павлодар облысының оңтүстігі, шығысында, Шығыс Қазақстан облысынң солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай, шаңды дауыл, күндіз бұршақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 2-7, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл болады. Батыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы болады.