Павлодар облысында пышақталған екі адамның өліміне қатысты тың дерек анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Pavlodarnews.kz тілшісіне ата-анасы адам қолынан ажал құшқан 16 жасар Алина эксклюзивті сұхбат берді

фото: egemen.kz

Павлодар облысында айуандықпен қаза тапқан екі адамның өліміне қатысты тың дерек анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілде күні сағат 02.10-да Мир көшесіндегі жеке үйдің ауласында пышақталған 46 жастағы үй иесі мен 48 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Бойжеткеннің айтуынша, бұл қылмысты 3 шілдеге қараған түні жеті айға жуық жүрген бұрынғы жігіті жасаған.

Береговое ауылында бұрынғы сүйіктісі бетін қайтарған 22 жастағы жігіт  қыздың анасы мен өгей әкесіне пышақпен шабуыл жасаған.  Бірнеше жерден пышақ тиген екі адам қайтыс болды. Бойжеткен сол түні Павлодардағы туыстарының үйінде қонғандықтан тірі қалған.

«Шамамен бір ай бұрын мен оның есірткі қолданатынын білдім, сондықтан онымен  қарым-қатынасты тоқтатуды шештім. Ол қарсы болды және менің әлі бұл шешімім үшін қатты өкінетінімді айтты, - деп еске алады Алина. - 2 шілдеде мен Павлодарда болдым, колледжге түсу үшін құжаттар тапсыруға дайындалдым. Түнде тәтем маған қоңырау шалып, шұғыл түрде оралуым керек екенін айтты. Үйде анам мен өгей әкемді өлтіріп кеткенін білдім».

Қыздың сөзінше, туыстары оған оқиғаның мән-жайын айтып берген.

«Сол түні анам, өгей әкем және менің 13 жасар бауырым үйде болды. Олар түнгі сағат бірге қарай отшашуды естіп, көшеге шыққан. Бауырым барғысы келмеді және үйде қалды. Біраз уақыттан кейін анам үйге жүгіріп келіп, оған жасырын деп айтқан. Бауырымды құтқаруға тырысып, көмек сұрап жүгірген. Ол аллеяға жеткен кезде бұрынғы жігітім оны қуып жеткен. Анам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Бұған дейін ол анамды қорғауға тырысқан өгей әкемді де өлтірген», - деді Алина.

Бойжеткен күдікті ұсталғанымен жазадан құтылып кете ме деп қорқады.

«Бүгін оның анасы келіп, көмек ретінде ақша әкелді. Ол жылап, ұлының ауырғанын айтты. Бәлкім, бұл есірткінің әсері болуы мүмкін, бірақ бұл қатыгездікпен кісі өлтіруді ақтамайды. Анамның бүкіл денесінде пышақ жаралары бар. Біз бауырымызбен жалғыз қалдық, бай туыстарымыз бен таныстарымыз жоқ. Ертең анам мен өгей әкемді өлтірген адам бостандыққа шығып, бізді де аман қалдырмайды деп қорқамын», - деді қыз.

Ол бұл істі назардан тыс қалдырмауды сұрайды.