Елордада 47 жастағы азамат әйелін кепілдікке алды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға олардың ажырасуы себеп болған

фото: astana_sergek

Елордадағы «Тұлпар» сауда орталығында әйел адамды кепілдікке алған азамат тұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 17:06-да елордадағы «Тұлпар» сауда орталығында қарулы ер адам әйелді кепілдікке алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«47 жастағы азамат ұсталды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Оқиғаға олардың ажырасуы себеп болған. Әйелге психологиялық көмек көрсетілуде», - деп көрсетті Полиция департаменті.