Қазақстанда өткен тәулікте 158 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ 73 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 3 шілдеде 158 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 35
Алматы қаласы - 88
Шымкент қаласы - 6
Ақмола облысы - 4
Алматы облысы - 5
Атырау облысы - 8
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Батыс Қазақстан облысы - 1
Қарағанды облысы - 7
Қостанай облысы - 1
Қызылорда облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 1.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 307 330-ға жетті.

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 73 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 20
Алматы қаласы - 49
Алматы облысы - 4.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 292 561-ге жетті.