Венецияға бір күнге келетін туристер салық төлейтін болады
Бұл шешім 2023 жылдың 16-қаңтарынан бастап күшіне енеді
2023 жылдан бастап Венеция бір күнге келген туристерден арнайы алым алатын болады. Мұндай шешімді қалалық кеңес қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Жыл мезгіліне қарай Венецияға келген туристер 3-10 еуро көлемінде ақша төлейді және бұл тек бір күнге келген туристерге ғана қатысты. Саяхаттаушылар қосымша арқылы ақша төлеп, қалаға кіруге рұқсат беретін QR-код алады.
Дегенмен бірқатар санаттағы азаматтар мұндай алымнан босатылған. Мәселен 6 жасқа дейінгі балалар, қонақ үйге тоқтаған азаматтар (B&B), жергілікті қауымға келген меймандар мен студенттерден ешқандай алым алынбайды.
Туризм бойынша қала кеңесінің кеңесшісі Симоне Вентурини бұл қаламыз туристер үшін жабық дегенді білдірмейді, тек бір күнге келетін туристердің санын нақты білу үшін енгізіліп отыр деп түсіндірді.