Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай енгізді

Автор: Azattyq Rýhy

Қарақалпақстанға бару және ел аумағынан шығуға  шектеу қойылады

фото: Keystone Press Agency

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтың Жарлығымен Қарақалпақстанда 2022 жылдың 2 тамызына дейін төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың 3 шілдесі күнгі сағат 00:01 минуттан 2022 жылдың 2 тамызы күнгі сағат 00:00-ге дейін төтенше жағдай жарияланды», - делінген хабарламада.

Мұндай шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында қабылданды.