Заң бұзған азамат Әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Таразда ерекше режимдегі түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден 40 дана SIM- карта тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл жолы тыйым салынған зат радиоқабылдағыштың ішіне жасырылған. ЖД-158/7 мекемесіндегі сотталған азаматқа келген сәлем-сауқатты тексеру барысында Beeline операторының-10дана, Altel операторының-12 дана, Tele-2 операторының- 13дана, Activ операторына тиесілі-5дана сим карта тәркіленді», - деп көрсетті Жамбыл облыстық ҚАЖК.
Заң бұзған азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.