Филиппинде қуаттылығы 6 балл жер сілкінісі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жер дүмпуінің ошағы 35,4 шақырым тереңдікте тіркелген

6 балдық жер сілкінісі Филиппиннің Кагаян провинцииясында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) дерегіне қарағанда жер сілкінісі Намуак аймағынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:40-та тіркелген.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.