Ауылда ірі қарадан бруцеллёз анықталды
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округының әкімі Шаховское ауылында бруцеллёз таралуына байланысты карантин жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Петропавловск.news порталына сілтеме жасап.
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округы Шаховское ауылында ірі қарадан бруцеллёз ауруы анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Бұл шешім ресми жарық көрген күннен бастап күшіне енеді», - делінген нормативтік - құқықтық актілер сайтындағы құжатта.