Мысырдың танымал курортында акула туристке шабуыл жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Аустрия азаматы алған жарақатынан көз жұмған

фото: Depositphotos / cbpix

Мысырдың Хургада курортында акула туристке шабуыл жасады, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің бас консулдығына сілтеме жасап.

«Оқиға Сахль-Хашиш ауданында болды. Акула оның қолынан және аяғынан тістеп алған», - деп көрсетті консулдық өкілі.

Бұл жайтттан кейін жергілікті билік үш күнге Сахль-Хашиш ауданынан Макади-Бэй айлағына дейін аралықта шомылуға, дайвингке, снорклингке және балық аулаға тыйым салды.