Синоптиктердің болжамынша бірқатар өңірлерде найзағай ойнап, жел күшейеді
Қазгидромет 2 шілдеде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік, орталық бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай күтіледі. 2-3 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз 3 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Тараз қаласында күндіз 3 шілдеде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл соғады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15 м/с. Күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.
Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.