$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да балалар арасында ішек инфекциясы көбейді

Жыл басынан бері 125 жағдай тіркелген

СҚО-да балалар арасында ішек инфекциясы көбейді

Солтүстік Қазақстан облысында ішек инфекциясы көбейді. Жыл басынан бері 125 жағдай тіркелді. Оның жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Мамандардың айтуынша, көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі ата-аналардың барлығы дәрігер көмегіне жүгіне бермейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

2022 жылдың 5 айында Солтүстік Қазақстан облысында жіті ішек инфекцияларының 125 жағдайы тіркелді. Олардың жартысы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Дегенмен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 21%-ға төмендегені байқалады.

«Жаз – бұл демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар көптеген қоздырғыштардың көбеюі үшін қолайлы маусым. Ересектер мен балалар қолдың негізгі гигиенасын ұмытып, жемістер мен көкөністерді мұқият жууды елемейді. Табиғатта демалу кезінде өнімдерді көбінесе ұзақ уақыт жылы жерде қалдырады, бұл өз кезегінде қоздырғыштардың көбеюіне ықпал етіп ішек инфекцияларының дамуына әкелуі мүмкін. Жіті ішек инфекциясы – бұл патогендік бактериялар, вирустар тудыратын инфекциялық ауруларының үлкен тобы. Жіті ішек инфекциясы бүгінде жұқпалы патологияда тұмау мен жедел респираторлық инфекциялардан кейінгі орында», - дейді СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.

Жіті ішек инфекцияларының алдан алуға болады. Ол үшін мамандар тазалық сақтауға кеңес береді.

«Балалардың жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау керек. Қолды сабынмен жиі және мұқият жуу керек. Әсіресе тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін. Қайнатылған, бөтелкедегі немесе кепілдендірілген сапалы суды пайдалану шарт. Көкөністерді, жемістерді, жидектерді тұтынар алдында мұқият жууға кеңес беремін», - дейді Айнаш Сағындықова.                        

Серіктес жаңалықтары