ҚТЖ мәліметіне сүйенсек, бидай гуманитарлық жол арқылы тасымалданған
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы өзіне тиесілі «Жібек Жолы» кемесінің Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық тасығанын растап, оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyh Ruhy.
ҚТЖ-ға тиесілі «KTZ Express» АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, былтыр 26 қазанда кеме иесі «KTZ Express Shipping» ЖШС компаниясы Ресейдің Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқан.
Шарт бойынша:
Хабарламаға сәйкес қазақстандық компаниямен жасасқан шарт бойынша кемені жалға алған компания оған қандай жүк салып, қай жаққа тасымалдайтынын өзі шешетін болған.
«Green-Line» ЖШС және оның басшылығы (Шепин А.В., Тихомирова М.В.) АҚШ, ЕО, Ұлыбритания және Канаданың санкциялық тізіміне енбеген. Тәжірибеге және жасалған шарттарға сәйкес жалға алушы жүктің түрі мен оны тасымалдау бағыттары бойынша кеме иесімен келіспейді.
«Green-Line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдан бері астық және мұнай трейдері ретіндегі эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.
Mangelbert OU басшысының айтуынша, 2022 жылдың 28 маусымында «ЖІБЕК ЖОЛЫ» кемесі Бердянск теңіз сауда портында (6 927,8 тонна) бидай тиеп, порттан Түркияның Қарасу порты бағытында шықты (болжалды уақыт бойынша кеменің келуі 2022 жылдың 1 шілдесі). Сонымен қатар астықтың украиналық екені, ал тасымалдау украиналық тараптың өтініші бойынша келісілген гуманитарлық дәліз бойынша жүзеге асырылатынына сенімді.
Бұл ретте «KTZ Express» АҚ осы тасымалдауға қатысушылармен, сонымен бірге дипломатиялық миссия өкілдерімен белсенді консультациялар жүргізеді. «KTZ Express» АҚ қолданыстағы санкциялық шектеулерді қатаң сақтауға міндетті екенін жете түсінеді», - делінген ҚТЖ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бүгін әртүрлі дереккөздері Қазақстанның «Жібек жолы» кемесі Бердянск теңіз сауда порты арқылы Түркияның Қарасу портына бидай тасығанын хабарлады. Әуел баста ресейліктер Украинадан ұрлаған бидайды тасуы мүмкін деген болжам айтылған еді.