Алматыда заңсыз салынған көпқабатты ғимарат бұзылды

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Кәсіпкер 12 қабатты нысанды саларда құзырлы мекемелердің рұқсатын алмаған

Алматыда заңсыз салынған көп қабатты ғимарат бұзылды. Кәсіпкер қаланың қалаған жерінен құрылыс нысанын салған. 12 қабатты нысанды саларда қажетті құзырлы мекемелердің рұқсатын алмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«2021 жылы Шұғыла ықшам ауданының тұрғындарынан шағым түскен. Тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде құрылыстың заңсыз салынғаны анықталды. Құрылыстың меншік иесі «ARTEX» компаниясы сметалық жобасыз, өзгеде қажетті құжаттарсыз жұмысты бастаған. Осыған байланысты әкімшілік шара қолданылды. Заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді», -деді Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының бөлім басышсы Медет Абаев. 

Меншік иесі әкімдіктің де, тұрғындардың да шағымын мүлдем елмей, құрылыс жұмыстарын ары қарай жалғастыра берген. Нұсқамалық талаптарды да орындамай қойған. Шу шығарған Шұғыла ықшам ауданының тұрғындары мәселені қаланың әкіміне жеткізген. Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз салынған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім қабылданады.   

«Ақыры сотқа заңсыз салыған құрылысты сүру жөнінде арыз талап жолданды. Қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы сотта қанағаттандырылды. Алматы қалалық сотының шешімімен құрылысты сүру жұмыстары жүргізілді», - деді бөлім басшысы.