Шымкентте мүгедек балаларға бөлінген қаржыны ұрлады деген ұйым директоры тергеліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 3 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысы қаржысын ұрлады деген ұйым директоры тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

 Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.