Ол жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін айыпталған болатын
Қырғызстанда Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары 2020 жылы қазандағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша ақталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.
Айыптаушы тарап Атамбаевқа жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ, қылмыс құрамының болмауына байланысты сот оның жақтастары Фарид Ниязовты, Құрсан Асановты, Жениш Молдокматовты, Қанат Сағынбаевты және Темірлан Сұлтанбековті ақтады.