Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың кей аумағында күн күркіреп, жаңбыр жаууы ықтимал

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауып, солтүстікте, шығыста бұршақ, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте дауыл соғады. Республика бойынша жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Атап айтқанда, күндіз Абай, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.