Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 800-ден астам полицей қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ал 4593 қызметкер жарақат алған

Фото ашық дереккөзден

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 800-ден астам полицей қаза тапты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару кезінде 815 қызметкер қаза тауып, 4593 қызметкер жарақат алған», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

 23 маусым күні қазақстандық полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті. Ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наградалар мен грамоталарды табыстады.

«Министрдің бұйрығымен ішкі істер органдарының 1200-ден астам қызметкері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 60-қа жуық ардагері жанқиярлығы мен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін марапатталды», - деді Ш. Тұрлыбек.