Жетісайда күйеуі соққыға жықты деген әйел аурухана төсегінде қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Жетісай ауруханасына ес-түссіз жағдайда түскен әйел бір аптадан кейін көз жұмды. Бұл туралы Жетісай аудандық полиция бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға туралы Жетісай аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінің мамандары жас әйелдің соққыдан, түрлі дене жарақатымен ес-түссіз ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған.

«Адам өліміне алып келген қайғылы жағдай бойынша әйелдің күйеуі күдікке ілінді. Ол 14 маусым күні ұсталып, қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.