Бүгінде елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 300-ге жетті
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстандағы эпидахуалға қатысты бүгінгі ақпаратты жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
26 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар еліміздің екі қаласы мен екі облысында анықталған. Яғни, аталған өңірлерден өткен тәулікте 67 адамның ПТР нәтижесі арқылы COVID-19 анықталды.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 13,
Алматы қаласында - 52,
Ақмола облысында – 1,
Қарағанды облысында - 1.
Бүгінде елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 300 жетті.