Елжана Тәниева лентамен жаттығулар жасау барысында алтын медаль ұтып алды
Тайландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Көпсайыста қазақстандық Айбота Ертайқызы 4-ші, Елжана Тәниева 7-нәтиже көрсетті.
Жеке біріншіліктің финалында Елжана Тәниева лентамен жаттығулар жасауда үздік болып, алтын медаль ұтып алды.
Сондай-ақ гимпастикалық ұршық жаттығуларының финалында қазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды.