Желіде Halyk Bank азаматтарға 500 мың теңге төлеуге міндеттелгені жайлы фейк ақпарат тарады

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды

Instagram желісінде Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 мың және одан көп көлемде ақша төлеуге міндеттелді деген ақпарат тарады. Жазбаға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевтың суреті қоса берілген. Бүгін Қаржы министрлігі бұған қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ақпараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Премьер - Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысы жоқ. Бұл жалған ақпарат», - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Бұған қоса министрлік жұртшылықтан жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.