Мұнда 3 күннен бері толассыз жаңбыр жауып жатыр
Ресми деректерге қарағанда елдің солтүстік-батысындағы Силхит ауданында 46 адам, Мименсингхта 18, ал Рангпур өңірінде 4 адам су тасқынынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Соңғы 3 күн бойы толассыз жауған жауынның салдарынан 4 мыңнан астам адам судан әртүрлі ауру жұқтырған.
Қазір мұнда әскери қызметшілер зардап шеккен халыққа азық-түлік пен таза ауыз су таратып жатыр.
Нөсерден ауыл шаруашылығы да айтарлықтай шығынға ұшырады. Силхет ауданында 56 мың гектар алқаптағы күрішті су шайып кетті.