Томирис Байсафаны өлтірген Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы 13 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді

фото: 74.ru

Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы Муртузали Меджидов қазақстандық студент Томирис Байсафаны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алқабилер алқасы М.Меджидовтің кінәсі туралы фактіні дәлелденген деп санап, оны Томирис Байсафаның өліміне бірауыздан кінәлі деп тапты.

Студенттің анасы тілшіге хабарлағандай, Мәскеудің Измайлов сотының судьясы Алена Лысенко үкімді жариялады. Оған сәйкес М.Меджидов қазақстандық студентті қасақана өлтірді деп айыпталып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды, енді ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.