Семейде тұрғын үйден танкке қарсы қолданылатын мина табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр

фото: Polisia.kz

ШҚО тұрғынының үйінен танкке қарсы қолданылатын мина табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Өскемен қаласының тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен және Семей қалаларының екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түскен. Жедел ақпаратты алған ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 қызметкерлері оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкке қарсы минаны жасырғаны анықталды. Сондай-ақ, ақпаратты өңдеу барысында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 жедел бөлімі ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге аталған пәтерде 16 мм калибрлі БМ үлгісінің тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы кесілді.

«Қарудың құжаттары жоқ болып шықты. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабына сәйкес (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы Қанат Жүсіпов.

Тегтер: