Ұшақ бортында 10 адам болған
Ил-76 әскери-көлік ұшағы Рязань маңында құлады. Қаза болғандар бар, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy DW.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, Ил-76 ұшағы Орынбордан Белгородқа бағыт алған, ал Рязаньда жанармай құю жоспарланған.
Апат кезінде бортта 10 адам болған, олардың үшеуі оқиға орнында қаза болды. Ұшақ бортындағы адамның бәрі алынды. Жеті адам медициналық мекемелерге жеткізілді.
«24 маусымда Ил-76 әскери-көлік ұшағы Рязань облысына қатты жылдамдықпен келіп қонды. Оқу-жаттығу ұшуын жүксіз өткізу барысында қозғалтқышта ақау анықталғандықтан экипаж қону туралы шешім қабылдады. Жерге қонған сәтте ұшақтың белгілі бір бөлігі қирады», - делінген РФ Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.