24.06.2022, 01:48
Жаңалықтар
Ауғанстанда 400 адам су тасқынынан қаза тапты
Толассыз жауған жауыннан бірнеше провинцияда су тасқыны жүрді
фото: www.belta.by
Ауғанстанның Кабул, Нангархар, Хост, Пактика және басқа да провинцияларда 400 адам су тасқынынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бір күн бұрын Хост және Пактика провинцияларында жойқын жер сілкінісі болып, кем дегенде 1 000 адам қаза тапқан.
TOLOnews басылымы ресми дереккөздерге сілтеме жасап, толассыз жауған жауыннан Нангархар, Паджшер, Хост, Пактика және басқа да провинцияларда су тасқыны болғанын хабарлады.
Ауғанстанның табиғи апаттардың салдарын жою министрлігінің мәліметінше су тасқынынан 400-дей адам қаза болған.
Бір тәулік бұрын елде 6,1 магнитудалы жер сілкінісінен Пактика провинциясының төрт ауданында бір мыңға жуық адам қаза тауып, 1 500 түрлі жарақат алған.
Көп оқылған
27.05.2026, 06:24
Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен оқушы көз жұмды
27.05.2026, 07:27
Аптап ыстық пен нөсер: 27 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
27.05.2026, 10:05
27 мамыр күні ауа сапасы қандай болады
27.05.2026, 11:15
80 жастағы қазақстандық спортшы Кейптаун марафонын бағындырды
27.05.2026, 10:33
Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті
27.05.2026, 11:57
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, бір адам көз жұмды