23.06.2022, 10:50
Жаңалықтар
Мемлекетке 1 млрд теңге шығын келтірген: Шымкентте заңсыз шот-фактура жазумен айналысқан азамат ұсталды
Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді
Фото ашық дереккөзден
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам түспеген.
Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды