Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шамамен  250 га жерде қызыл жалын ауыздықталды

фото: turkystan.kz

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында  табиғи өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің екі тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Кувский орманшылығының аумағындағы өртті жоюға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Кувский шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті полиция қызметінің, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, "Алтай Полиметалы"ЖШС күштері мен құралдары жұмылдырылды.

«Өрт орнында барлығы 280 адам, 44 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмыс істеуде. ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ авиациясымен су ағызу жалғасуда. 12 су ағызу жүзеге асырылды. Өрт сөндіру бойынша іс-қимылдарды үйлестіру және "Қазавиаорманқорғау" тікұшағында жағдайды мониторингілеу мақсатында өрт орны мен оған іргелес аумақты аралап ұшу жүргізілуде», - деп көрсетті Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралармен өрт алдын-ала болжам бойынша 250 га алаңда ауыздықталды. Өртті жою жұмыстары жалғасуда. 

Жану ашық күйде орын алып жатқан жоқ. Бұталар мен шөптер бықсып жануда. Қазіргі уақытта түтінді сөндіру жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.