Шамамен 20 гектар алқапты жалын шарпыды
Бесқарағай ауданында Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі "Грачев орманшылығы" Долон филиалының аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Сағат 18: 45-тегі мәлімет бойынша, шамамен 20 гектар алқапта қураған шөп, ағаштар өртенді, жақын елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 11 қызметкері, үш техникасы, орман шаруашылығының 30 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды»,- деді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушыларға Семей қаласынан құрамында 18 адамы бар колонна мен төрт өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ жылжымалы байланыс торабы қосымша көмекке шыққаны айтылады.