Ол рұқсат етілмеген жерге суға түскен
Семейде Ертіс өзеніне батып кеткен 37 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Семей қаласында Ертіс өзенінде 1985 жылы туған ер адам жабдықталмаған жерде суға батып кеткен. ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілді. 21 маусымда 10 сағат 57 минутта іздеу тобы судан 40 метр қашықтықта, шамамен 5 метр тереңдікте мәйітті тапты», - деп көрсетті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар атап өткендей, су қоймасындағы бұл жерде терең шұңқырлар көп болған және қауіпсіздік шараларына сай емес.