Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Ақмола облысында құрылыс нысанында Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
20 маусым күні Есіл аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшы тоқ соғудан қаза тапқанын жеткізген.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде жұмысшыны ток соққанын анықтады.
«Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп көрсетті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.