$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда 1 мыңнан астам пәтер заңсыз берілген

2295 азамат тұрғын үй кезегінен алынып тасталған

Талдықорғанда 1 мыңнан астам пәтер заңсыз берілген

Бұдан бөлек жергілікті билік 2 мың 295 азаматты тұрғын үй кезегінен алып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2015-2020 жылдар аралығында заң бұзушылықпен 1108 тұрғын үй берілген. Оның ішінде 360 пәтер жеке тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлерге құжатсыз берілген. Алдағы уақытта бұл үйлер қызметтік пәтер ретінде қолданылмақ. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жататын азаматтарға 748 пәтер берілген. Бұл тізім бойынша мұрағаттық мәліметтермен салыстыру жұмысы жүргізілуде. Оның ішінде 298 үй – «Береке» коттедж қалашығында, 450-і – көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтер», – деді Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев.

Бұдан бөлек 2295 азамат тұрғын үй кезегінен алынып тасталған. Олардың бәрә баспаналы болуға заң жүзінде құқылары жоқ болып шыққан. 

«2295 азамат тұрғын үй кезегінен алынып тасталған. Оның 469-ы тұрғын үй сатып алса, 1826-ы мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе түрлі себептермен тұрғын үй алуға негізі жоқ боп саналған», – деді шаһар басшысы Әсет Масабаев.

Жалпы Талдықорғанда әлі 16 179 азамат тұрғын кезегінде тұр. Оның 6187-і – бюджеттік ұйымдардың қызметкері, 9992-і – халықтың әлеуметтік осал табына жататын азаматтар.

Серіктес жаңалықтары