$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда жасөспірім бала әкесінің көз алдында суға батып кетті

Баланың денесін іздеу екі күнге созылды

Атырауда жасөспірім бала әкесінің көз алдында суға батып кетті
Фото ашық дереккөзден

Атырауда әкесінің көз алдында суға батып кеткен 13 жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Atpress.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірім бала 19 маусым күні сағат 14.00-де суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кетті. Әкелі-балалы бірге суға түсуге келген екен. Олар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары. Баланың денесін іздеу екі күнге созылды. Индер ауданының 10-ға жуық тұрғыны төрт құтқарушымен бірге іздеуге көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда шомылу маусымы 15 маусымда басталды. Жыл басынан бері өңірде 9 адам суға батып кетті, оның үшеуі – бала.

«2021 жылы 21 адам суға кетті, оның ішінде төртеуі – бала. Көбінесе мұндай оқиғалар ата-аналардың абайсыздығынан, рұқсат етілмеген жерде шомылатын жерде болады. Сондай-ақ, демалыс кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуіңізді сұраймыз», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары